Ақпараттық хат
Халықаралық конференция өткізу туралы
Мейіргер ісінің үшбірлігі: клиникалық тәжірибе, зерттеу және білім
«Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – AccelEd» жобасы
Біздің конференцияға қатысуыңызға қуаныштымыз!
«Астана медицина университеті» КеАҚ, Қазақстан, студенттерді, жас ғалымдарды, магистранттарды, практикадағы мейіргерлерді, докторанттарды және Қазақстан Республикасының барлық медициналық жоғары оқу орындарының, колледждерінің, сондай-ақ шетелдік университеттердің профессорлық-оқытушылық құрамын «Мейіргер ісінің үшбірлігі: клиникалық тәжірибе, зерттеу және білім» атты қорытынды халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуға шақырады. Бұл конференция Erasmus+ Қоры арқылы ЕО қаржыландыратын, жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау жөніндегі инновациялық жобаларды іске асыратын «Қазақстандағы жоғары білім жүйесінде магистратура мен PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру – AccelEd» жобасының бөлігі болып табылады.
КОНФЕРЕНЦИЯ БАҒДАРЛАМАСЫ
Конференция бағдарламасы пленарлық отырыс пен секцияларда жұмыс істеуді, тақырыптық пікірталастар өткізуді көздейді. Конференция қорытындысы бойынша конференция материалдарын жариялау жоспарлануда.
Өткізу уақыты: 2023 жылдың 9-10 қарашасы
Өтетін орны: офлайн «Астана медицина университеті» КеАҚ базасында, Бейбітшілік көшесі 49А
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын (синхронды аудармамен қамтамасыз етіледі).
КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ:
1 Секция Мейіргерлік зерттеулер: мәселелер мен перспективалар
2 Секция Мейіргер ісіндегі құзыреттілік білім мен білім беру стратегиялары
3 Секция Көшбасшылық: мейіргерлік қызметті басқарудың жаңа тәсілдері.
4 Секция Медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мейіргердің рөлі.
ҚАТЫСУ ФОРМАСЫ
- тезистерді жариялау + ауызша баяндама (ұзақтығы – 7 минуттан аспауы тиіс; талқылауға 3 минут);
- тек тезистерді жариялау;
- тыңдаушы ретінде қатысу;
Конференцияға қатысу тегін.
КОНФЕРЕНЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ
Конференцияға қатысу үшін нысанды толтырып тезисті: https://conference.amu.kz/registration.php?russian 02.10.2023 дейін тіркеңіз. Қатысушылар 13.10.2023 ж. дейін тезистерді жариялауға қабылдау туралы хабарлама алады. 2023 жылғы 2 қазаннан кейін берілген тезистерді ұйымдастыру комитеті қабылдамайды.
Конференция материалдары электронды түрде (жинақта) жарияланады. Конференцияның ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе белгіленген талаптарды бұза отырып әзірленген материалдарды редакциялау немесе қабылдамауға құқылы. Ұйымдастыру комитеті презентацияның ауызша болу, немесе тек түйіндеменің электронды жинағында жариялану шешімін қабылдау құқығын өзіне қалдырады. Баяндаманы конференция бағдарламасына енгізу туралы хабарламаны қатысушы 13.10.2023 ж. дейін алады. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар (электрондық) беріледі.
Конференцияға тыңдаушы ретінде қатысу https://conference.amu.kz/registration.php?russian сілтеме бойынша 20.10.2023 ж. дейін тіркелу қажет.
ТЕЗИСТЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Стилистикалық және орфографиялық түрде тексерілген тезистер қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде ұсынылады. Мәтін MS Word бағдарламасында терілуі керек, шрифт: Times New Roman (12 кегль), жоларалық интервал- бір, парақтың сол және оң жағында 2,0 см шеттері, үстіңгі және астыңғы жағында 1,5 см шеттері бар (парақ форматы- А4). Тақырыпты, автор туралы мәліметтерді (аты-жөні, жұмыс орны), есептемегенде, сөздер саны 300-ден аспауы кажет.
Тақырып келесідей ресімделеді:
бірінші жол-аты-жөні, тегі (тері), автор (лар) қалың әріппен;
екінші жол – жұмыстың атауы бас әріптермен қалың әріппен, қысқартусыз үш жолдан аспайды;
үшінші жол-білім деңгейі, оқу курсы, мамандығы;
төртінші жол-ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми жетекшінің аты-жөні;
бесінші жол– мекеменің толық атауы, қала, ел қалың қаріппен.
Қысқартуларға жол берілмейді. Алғашқы үш жол парақтың ортасына туралау. Әрі қарай, бос орыннан кейін тезис мәтіні. Тезис мәтінін ені бойынша туралау. “Қызыл” жолдың шегінісі- 1 см. Талаптарға сәйкес келмейтін тезистер түзету үшін қайтарылады.
Жариялауға бірегей (түпнұсқа) ғылыми еңбектер жіберіледі. Барлық тезистер плагиат үшін тексеруден өтеді. Жинақта жариялауға ұсынылған мәтіннің өзіндік ерекшелігі кем дегенде 75% болуы керек.
Өтінім қосымшаға сәйкес толтырылуы керек (төменде қараңыз)
Тезистер үшін ұсынылатын құрылым:
- Кіріспе, онда Сіз жұмысыңыздың мақсатын көрсетесіз; зерттеудің себебін, сондай-ақ гипотезаны қамтуы керек. Әдебиеттерді жан-жақты іздеуге негізделген сұрақтың қысқаша тарихы, оқырмандар зерттеудің неге негізделгенін білуі үшін кіріспенің маңызды аспектісі болып табылады; бұрын не істелгені және сіздің зерттеуіңіз қалай ерекшеленетіні туралы жалпы шолуды ұсыныңыз.
- Зерттеу материалдары мен әдістері. Деректерді жинау және бағалау үшін қолданылатын материалдар мен әдістерді, сондай-ақ қолданылатын статистикалық сынақтарды сипаттау қажет.
- Нәтижелер. Ешқандай қорытынды жасамай, объективтілік пен фактологиялықты қамтамасыз ететін ақпаратты ұсыну. Қажет болса, нәтижелерге қатысты статистикалық сипаттамасын қосыңыз. Дәлдік пен анықтықты қамтамасыз ету үшін зерттеудің барлық шектеулерін көрсетіңіз.
- Қорытындылар. Нәтижелерді сандармен емес, сөздермен қорытындылау және зерттеу мақсаттарына қаншалықты қол жеткізілгенін көрсету қажет. Әдебиеттерді іздеу нәтижесінде алынған ақпаратты қоспаңыз. Зерттеу нәтижелері аудиторияға түсінікті және қысқа болуын қамтамасыз ету үшін мұқият түсіндірілуі керек.
КОНФЕРЕНЦИЯДА АУЫЗША БАЯНДАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
1.Презентация MS PowerPoint бағдарламасында жасалуы керек (PowerPoint 2003-2016).
2.Ауызша сөйлеу ұзақтығы 7 минуттан, талқылау 3 минуттан аспауы керек.
3.Баяндамашы конференцияны ұйымдастырушыларға презентацияны 2023 жылдың 20 қазанына дейін жіберуі керек, өйткені ол аударылады. Мекен-жайға жіберуіңізді сұраймыз: aimoldinak@mail.ru
4.Ноутбуктардың әртүрлі бағдарламалық жасақтамасына байланысты презентацияларыңызды екі кеңейтімде сақтауды сұраймыз *.ppt және *.pptx.
5.Презентацияға қойылатын талаптар: презентация жалпы қабылданған ережелерге сәйкес жасалуы керек (ашық слайд +қара әріптер). Бірінші слайдта: мекеме атауы, бұдан әрі – кафедраның немесе практикадағы медицина қызметкерлеріне жұмыс орнының атауы; баяндамашының толық аты – жөні; ғылыми жетекшінің аты-жөні;қала және жыл және т. б.
Ұйымдастырушылардың байланыстары:
Жариялау және конференцияларға қатысу мәселелері бойынша:
Мейіргер ісі мектебінің деканы – Байғожина Зәуре Алпанқызы
8 7073456305
Эл.мекен-жайы: baigozhina.z@amu.kz
Ғылыми-зерттеу орталығы-Айымбетова Ардақ Оразбайқызы
8 7172 577896 (ішкі.419)
Эл.мекен-жайы: aiymbetova.a@amu.kz
Конференция хатшысы-Аймолдина Құралай Жолдыбайқызы
8 7056221366
Эл.мекен-жайы: aimoldinak@mail.ru
Қосымша
«Мейіргер ісінің үшбірлігі: клиникалық тәжірибе, зерттеу және білім»
Қорытынды халықаралық конференцияға
қатысуға арналған өтініш
(Астана қ., 2023 жылдың 9-10 қарашасы)
1. Қатысушы/жетекші туралы ақпарат | |
Қатысушының/жетекшінің тегі аты-жөні (толығымен) | |
Қаласы, облысы, елі | |
Жұмыс орны | |
Лауазымы | |
Ұялы телефоны | |
2. Қатысу нысаны және ұсынылған жұмыс туралы ақпарат | |
Қатысу нысаны:
– баяндамамен қатысу – тек тезистерді жариялау |
|
Секция нөмірі мен атауы | |
Баяндаманың атауы | |
Презентацияның болуы
иә / жоқ |