Құрметті әріптестер,
Біз сіздерді 2021 жылғы 4 қарашада өткізілетін ЖОО мен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы мейіргер ісі саласындағы ынтымақтастық құрылымдары мен процестері бойынша ұсыныстарды талқылауға бағытталған дөңгелек үстелге шақырамыз (ZOOM арқылы).
Дөңгелек үстел Еуропалық Одақ Эразмус+ бағдарламасы арқылы қаржыландыратын және жоғары білімді дамыту мен реформалау бойынша инновациялық жобаларды жүзеге асыратын AccelEd жобасының бөлігі болып табылады.
Мақсаты: Мейіргерлік іс бойынша Университеттер мен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы ынтымақтастық құрылымдары мен процестерін әзірлеу бойынша ұсынымдар туралы есепті ұсыну және бұл ұсыныстардың Қазақстанда сәтті жүзеге асуына серпін беру, дәлелді мейіргер ісінің енгізілуін қолдау.
Қатысушылар: мейіргерлер ісі бойынша қолданбалы және академиялық бакалавриат, магистратура мен PhD докторантурасы бойынша даярлауға жауапты медициналық университеттері факультеттерінің / бөлімшелерінің жетекшілері мен қызметкерлері, сонымен қатар жергілікті және аймақтық мейіргер ісінің жетекшілері (бас мейіргерлер, ауруханалар мен емханалардың бас мейіргерлерінің орынбасарлары).
Медициналық жоғары оқу орындары мен денсаулық сақтау мекемелері арасындағы мейіргер ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша ұсыныстар:
1. аймақтық деңгейдегі медициналық нұсқаулықтардың жаңа тақырыптарын таңдаудың негізгі құрылымдары мен негізгі процестерін анықтау және бұрынғыларын енгізу;
2. мейіргер ісін бірлесіп дамытуда Қазақстандық мейіргерлік шеберлік орталығының (CNE) ресурстарын пайдалану жолдарын келісу;
3. мейіргерлік зерттеулер мен әзірлемелердегі қажеттіліктерді / тақырыптарды анықтау мен бөлісудің құрылымын және/немесе процесін құру;
4. аймақтық азаматтардың денсаулығының қазіргі мәселелеріне байланысты аймақтық мейіргер ісінің даму бағыттарын бірлесіп басымдылықпен белгілеу және
5. денсаулық сақтаудың оң нәтижелеріне әкелетін дәлелді медициналық мейіргер ісін дамытудың аймақтық ұзақ мерзімді мақсаттары.
Ресми ақпараттық хат, бағдарлама тіркелу формасы
Қатысушылар тізімін 2021 жылдың 25 қазанына дейін kuanysh@kgmu.kz электронды поштасына жіберулеріңізді сұраймыз.
Уақыты: 14:00 Нұр-Сұлтан (Қазақстан), 16:00-ге дейін
Байланыс үшін: Жұлдыз Қуаныш, Қарағанды медицина университетінің PR маманы, kuanysh@kgmu.kz, +77058283096.